Спорт • 27 Қараша, 2023

Гандболдан әлем чемпионаты: Ел құрамасы қарсыластарымен қашан кездеседі?

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарашаның 29-ы – желтоқсанның 7-сі күндері аралығында Дания, Норвегия, Швеция елдерінде өтетін гандболдан әлем чемпионатына Қазақстан қыздар құрамасы қатысады, деп жазады Egemen.kz

Гандболдан әлем чемпионаты: Ел құрамасы қарсыластарымен қашан кездеседі?

Фото: olympic.kz

Дүбірлі додаға қатысатын 32 құрама төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген. «G» тобында сыналатын Қазақстан гандболшыларының қарсыластары – Бразилия, Испания, Украина.

Алғашқы ойында ел құрамасы 29 қарашада Испаниямен текетірессе, 1 желтоқсанда Бразилиямен шеберлік байқасады, ал 3 желтоқсанда Украинаға қарсы ойнайды.

Байрақты бәсеке «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, әлем чемпионатына жетінші мәрте қатысып отырған Қазақстан гандболшыларының ең биік көрсеткіші, әзірге 2007 жылғы 18-орын.