Өнер • 22 Қараша, 2023

Жауһардың жаңғыруы

109 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Астана Опера» театрында қойылған «Бетховен – Мәңгілік – Махаббат» атты балет көрермендерді жылы әсерге бөлеп, үлкен қошеметке ие болды. Туын­дының жаңартылған нұс­қасымен немістің қою­шы хореографы Рай­мондо Ребек жұмыс істе­ген. Қоюшы дирижер – Қазақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері, маэстро Абзал Мұхитдин.

Жауһардың жаңғыруы

«Көрермендер қойылымды жаңа қырынан тамашалады деп ойлаймын. Тіпті солистер де өз­герген, өйткені олардың оқиға же­лісін ой елегінен өткізуге, осы хи­кая туралы ойлануға уақыты болды. Мен олардың өз рөлдерін жа­ңаша баяндап, кейіпкерле­рі­не басқаша қарайтынын бай­қадым. Труппа керемет дайын­далған, бұл тұрғыда ұжым­ның ұстаз балетмейстерлері зор ең­бек етті. Спектакльдің құра­мы жаңарғанына, онда кейіп­кер­леріне жаңаша көзқараспен қарайтын жаңа әртістердің пай­да болғанына ризамын. Мәсе­лен, Мәдина Өнербаева тама­ша жаңа Махаббат деп айтар едім. Сызықтарды әдемі кел­ті­ретін София Әділханова кейіп­керімен тиянақты жұмыс істеген. Сырқатты сомдайтын Сұлтанбек Ғұмар, Бетховеннің бейнесіндегі Арман Оразов өз партияларына жаңаша бояу қосқан. Шындығын айтқанда, қазір труппада кемеліне келген әртістер мен жастардың теңгерімі бар», деді қоюшы хореограф Раймондо Ребек.

см

Тамаша туындыға шебер хореография, ғажап музыка мен ұлы Людвиг ван Бетховеннің өмірін бейнелейтін жан тебірентер­лік хикая біріктірілген. Музыка­ның әсемдігі туралы айтқанда, симфониялық оркестрдің, опера труппасының солистері мен хордың еңбегі ерекше бол­ды. Неміс балетмейстері жұрт­шы­лыққа терең мағыналы біре­гей спектакльді ұсына отырып, биде эмоциялық алуандылық­ты, трагизм мен композитордың ішкі әлемін ашып көрсете білді.

Сондай-ақ дарынды жапон суретшісі Йоко Сеяма безен­дір­ген сахнада Бетховеннің өмір тарихы көркем бедерленген. Композитордың балалық шағы­нан бастап, өмірінің қиын кезең­дері, шығармашылық жетіс­тік­тері мен қуаныштары – сценографияда айшықты көрініс тапқан. Бетховеннің, сондай-ақ Бах, Гайдн, Моцарт пен заманауи композитор Дирк Хаубрих­тің туындыларына негізделген музыкалық таңдау өте сәтті үй­лес­тірілген. Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Долорес Үмбетәлиева орындаған әдемі соло көңіл пернесін тап бас­ты. Ол И.С.Бахтың «Прелюдие до-минор» шығармасын, Л. ван Бетховеннің Оркестр мен фор­тепианоға арналған №4 кон­цертін (екінші бөлім), «Элизаға» шығармасын, №14 Ай сонатасын (бірінші бөлім), Оркестр мен фортепианоға арналған №5 концертін (екінші бөлім) шебер орындады.

ит

«Біз спектакльге бір ай бұрын дайындала бастадық. Раймондо Ребек келгеннен кейін бидің та­за­лығын тексеріп, кейбір өзгер­тулер енгізді. Дегенмен жаңар­тылған нұсқа түпнұсқадан еш өзгерген жоқ. Өзім орындаған партиямды айтсам, әйгілі композитор Бетховеннің рөлін сом­дау мен үшін үлкен абырой болды. Дайындық барысын­да Бетховеннің өмір жолын бі­раз зерттедім. Өзім жарты­лай музыкантқа айналып, то­лық образға еніп, көрерменге ком­позитордың кемеңгер шығар­ма­лары туралы айтып бере алдым деп ойлаймын. Мен бұл спектакль­де Бетховеннің музыка әлеміндегі майталмандар­дың ішіндегі ғарышқа ең жақыны екенін жеткізуге тырыстым. Бет­ховен жан дүниесі кең, шы­ғармашылық мұрасы бай адам болған, алайда ол дертке шал­дыққандықтан, тағдыры қиын бол­ды», дейді Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан.

Сондай-ақ театрдың талантты әртістері өз партияларын жо­­ғары деңгейде орындап, ше­бер­­ліктерін барынша көрсетті. Әсі­ресе солистердің балетке ек­пін мен ырғақ қосқан актерлік ойын­дары керемет. Бетховен бей­несін Бақтияр Адамжан мен Арман Оразов тамаша алып шық­ты. Мәңгі өшпейтін махаббат­ты Қа­зақстанның еңбек сіңірген қай­­раткерлері Әйгерім Беке­таева мен Мәдина Өнербаева сомдады. Эвтерпаны Әсел Шайке­но­­ва мен Cофия Әділханова ой­на­­ды. Сырқатты Серік Нақыс­пе­­­ков пен Сұлтанбек Ғұмар бей­не­леді. Со­листер бидің тілі арқы­лы таң­дамалы па-де-де-ден бас­тап, жі­герлі ансамбльдік нөмір­лер­ге де­йін хореографияның бар­лық ньюанс­ын жеткізді. Труп­па­ның ерекше харизмасы мен орын­дау шеберлігі композитор өмі­рінің әр сәтін маңызды ашып берді.

Тұжырып айтқанда, бұл қо­йы­лымда ұлы композитордың өмірі ғана баяндалған жоқ, сонымен бірге көрерменге өнердің өлмейтінін, музыканың мәңгілік екенін, оның ғасырдан-ғасырға жалғаса беретіні жайында астармен парасатты ой айтылды.