Спорт • 23 Қазан, 2023

IV Азия пара ойындары: Қоржынға алғашқы «алтын» түсті

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев Қытайдың Ханчжоу шаһарындағы Азия пара ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

IV Азия пара ойындары: Қоржынға алғашқы «алтын» түсті

Фото: Ведомство. Телеграм

54 кг салмақ дәрежесіндегі Қазақстан спортшысы 187 кг көтерді. Екінші және үшінші орындарды Қытай (185 кг) және Вьетнам (184 кг) спортшылары алды.  

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Д.Дегтяревті жеңісімен құттықтап, әлі талай жетістікке жететініне сенім білдірді.