Құрылтай • 29 Қыркүйек, 2023

Құрылтайдың көздегені – құндылықтарды ұлықтау

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрі, Ұлттық құрылтай хатшысы Аида Балаева Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті.

Құрылтайдың көздегені – құндылықтарды ұлықтау

Мемлекет басшысының бас­тамасымен құрылған Ұлт­тық құрылтай қызметі «қоғам­дық диалогтің бірыңғай инс­ти­туционалдық моделін» қа­лыптастыруға, билік пен азамат­тардың өзара іс-қимылын ны­ғайтуға бағытталған.

Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтай отырысын­да Президент «Әділетті Қазақ­станды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуы» қажеттігін атап өтті. Қоғамда отаншылдық, адамгершілік, бі­лімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұ­руға тиіс. Осылайша, біз жас ұрпақты адал азамат етіп тәр­биелеу, Ұлттық бірегейлікті ны­ғайту, жаңа құндылықтарды ор­нық­тыру үшін жүйелі жұмыс істеуіміз қажет. Елімізде белсен­ді сарапшылардың Ұлттық құрылтай құрамына енуі қоғам­ның еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейт­ті және азаматтардың заң­ды құқықтары мен мүдделерін қор­ғауға мүмкіндік жасады.

Кездесуде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық құрылтай мүше­лері­нің ұсыныстарын тыңдап, елі­мізде жаңа қоғамдық этика қа­лып­тастыру, елдің бір­лігі мен тұрақтылығы, азаматтар­дың өзара тілектестігі, әділ­дік, заң мен тәртіп, сенім және жауап­кершілік сияқты құнды­лық­тар­ды ілгерілету мәселелерін тал­қылады.

Сондай-ақ Аида Балаева Мемлекет басшысының Түркіс­тан қаласында өткен Ұлттық құрыл­тайда берген тапсырмасы аясында мәдени мұраны сақтау және зерделеу, елдің өзіндік ерекшелігін көрсететін және ұлттық мүдделерге сәйкес келетін кітаптардың шығарылымын ұл­ғай­ту мәселелері бойынша ақ­па­рат берді.