Аймақтар • Бүгін, 07:48

Аралдағы жылыжай

1 мин
оқу үшін

Бұрын Арал ауданында көкөніс пен бақша егіп, жеміс ағаштарын баптайтындар санаулы болатын. Үйінің ауласына еккені болмаса, бау-бақшаны кәсіп көзіне айналдырғандарды кездестіре қою қиын еді. Қазір жердің жайын біліп, тиімді тәсілдерді меңгерген шаруалар қатары көбейіп келеді. Соның нәтижесінде тұрғындар жергілікті жерде өсірілген өнімді тұтынуға мүмкіндік алып отыр. Аудандағы ірі елді мекен – Сексеуіл кентінің тұрғыны Ахметжан Боханов өз ісін жүйелі түрде дамытып, өңір экономикасына қал-қадерінше үлес қосып келеді.

Аралдағы жылыжай

Ахметжан бұл кәсіпті 2021 жылы бастапты. Маусымдық жылыжай кешенінде өсірілген қияр мен қызанақ аз уақыттың ішінде сұранысқа ие болды. Биыл ол кенттегі Құмсай бөгетінің маңынан 6 гектар жерге қарбыз, 4 гектар жерге қауын егіп, 150 түп жеміс ағашын отырғызды. Алдағы уақытта бау көлемін ұлғайтып, өнім түрін көбейтуді де жос-парлап отыр. Шаруашылықта өндірілген өнімдер кент пен аудан орталығындағы сауда орындарына жеткізіліп, нарық бағасынан арзанға сатылып жатыр. Осылайша бұрын «бізде көкөніс өсіру қиын» деген түсінік жетегінде жүрген жұрт жергілікті өнімнің дәмін татты.

«Мемлекеттік қолдау тетіктері, соның ішінде «Ауыл аманаты» жобасы ауылдағы еңбек адамдарының өз ісін кеңейтіп, табысын тұрақтандыруға сеп болды. Осындай қолдау нәтижесінде ісін ілгерілетіп, өндіріс көлемін арттырып жатқан кәсіп иелері көп», дейді Ахметжан Боханов.

 

Қызылорда облысы,

Арал ауданы

Соңғы жаңалықтар

Халық неге несиеге тәуелді?

Қоғам • Бүгін, 17:18