Спорт • 17 Қыркүйек, 2023

Шабандоздар 1050 шақырымды басып өтті

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ұлы  дала жорығы» марафон-бәйгесінің 11-кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Joryq ат спорты федерациясына сілтеме жасап.

Шабандоздар 1050 шақырымды басып өтті

Фото: https://joryq.kz/

Шабандоздар 11-кезеңді  Қызылорда облысының Шиелі ауданында аяқтады. Бұл кезеңде көмбеге Түркістан  облысының командасы жетті. 11-кезеңде ақтөбелік шабандоздар екінші болып жетсе,  Қостанай облысының командасы үштікті түйіндеді.

Осылайша Астанада басталған мамафон-бәйгенің 1050 шақырымы артта қалды, көмбеге дейін қалғаны – 250 шақырым. Әр кезең сайын аттары болдырып,  шабандоздары  шаршаған командалар  марафонна шығып қалып жатыр. 12 кезеңде күтпеген жағдай орын алды. Былтырғы «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің чемпионы Маңғыстау облысының «Көкмойнақ» командасының капитаны аты болдырғандықтан  жорықты жалғастырудан бас тартты. Оның командаластары да аттарын ары қарай қинауды жөн көрмей  бірауыздан жарыстан шығатындарын мәлімдеді.  Ұйымдастырушылар да маңғыстаулық шабандоздардың  11 кезеңде жалпы есепте көш бастап, тек 3 кезең қалғанда  тосын мәлімдеме жасаған маңғыстаулықтарға  таңданысын білдірді.

«Біз үшін бәйгенің жүлдесі емес, сәйгүліктеріміздің амандығы  маңызды», деді Маңғыстау облысының шабандоздары.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50