Президент • 12 Қыркүйек, 2023

Қазақстандағы бизнес-ахуал әлі де жетілдіруді қажет етеді - Қасым-Жомарт Тоқаев

162 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президент отандық кәсіпкерлермен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстандағы бизнес-ахуал әлі де жетілдіруді қажет етеді - Қасым-Жомарт Тоқаев

Фото: ашық дереккөз

Күрделі және орнықты экономикаға өнімді орташа және жоғары деңгейде өңдеу сегменттерін белсенді игеретін өңдеу өнеркәсібі негіз болатыны белгілі. Сонымен қатар бұл бағытта кедергілердің көптігі кәсіпорындар «ғұмырының» ұзаққа созылмауынан байқалады. Президент те бұл мәселені көтеріп, Қазақстандағы бизнес-ахуал әлі де жетілдіруді қажет ететінін айтты.

«Еліміздегі компаниялардың төрттен бірі ғана ашылғаннан кейін екінші жылы нарықта қалады. Салыстырар болсақ, бұл көрсеткіш басқа елдерде 70-80 пайызға тең. Көп жағдайда бұл Қазақстандағы бизнес-ахуалдың әлі де жетілмегенін көрсетеді. Бірақ мұның басқа да аспектілері бар. Мәселен, қазіргі жағдайда көптеген ел ішкі нарықты қорғау және қолдау шараларын белсенді қолданып жатыр. Осы озық тәжірибені батыл әрі кеңінен меңгеруіміз керек. Мен мұны Үкіметке айтып отырмын», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда өндірістің жергілікті үлесін арттыру үшін қолайлы жағдай жасалған. Салықтық преференциялар мен жеңілдетілген несиелендіру беріледі, сондай-ақ өнімді өткізу бойынша көмек көрсетіледі. Алайда тауар өндірісінің жергілікті үлесі әзірге төмендеу.

«Шын мәнінде, біз импортты субсидиялау ісін жалғастырып жатырмыз. Бұл өндірістің бастапқы қалыптасу сатысындағы табиғи құбылыс екенін түсінемін. Сондықтан аталған мәселеге «өсім дерті» ретінде қараймыз. Ештеңе болмағаннан гөрі, осындай өндірістің болғаны дұрыс. Алайда Үкімет өндірістің жергілікті қамту үлесін арттыру мәселесімен мұқият және жан-жақты айналысуға тиіс. Кейбір компаниялар жергілікті қамту үлесіне еңбекақы төлеу қорын, коммуналдық қызметтерге және жарнамаға жұмсалған шығындарды қосатын жағдайға жетті. Мұндай көзбояушылықтың бізге қажеті жоқ. Бұл жерде «Атамекен» палатасының рөлі анағұрлым белсенді әрі пайдалы болуға тиіс», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025