– Әскери даярлыққа және командирлердің кәсібилігіне жоғары талап қойылады. Сондықтан қазіргі заманғы ұрыс жағдайында бөлімшелер негізгі күштен бөлек, дербес әрекет етуге дайын болуы қажет. Командирлер мен бастықтар батыл шешім қабылдап немесе орынды бастама көтеріп, берілген тапсырманы орындау үшін тың тәсіл қолдануы керек. Олар батылдығымен, төзімділігімен және антқа беріктігімен көпке үлгі болуы қажет. Әскердің күші – тәртіпте! Бұл ретте командирлердің атқаратын рөлі ерекше. Қарулы Күштердегі дайындықтың жоғары деңгейін, өзара үйлесімділікті және қатаң тәртіпті сақтау қажет. Әрбір сарбаз өзіне сеніп тапсырылған қару мен техниканы жетік меңгеріп, оларды ұрыста шебер қолданып, жедел шешім қабылдап, батылдық танытуы керек, – деп сөзін түйіндеді Президент.
«Батыл тойтарыс-2023» оқу-жаттығу жиыны барысында мемлекеттік және әскери басқару органдарының қорғаныс операциясын орындауға дайындығы тексерілді. Әскер барлық деңгейдегі штабтарда қабылданған шешімдерді толық жүзеге асырды.
Оқу-жаттығу жиынына барлығы 8 мың әскери қызметші жұмылдырылып, 600 әскери техника мен қару-жарақ пайдаланылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев офицерлер мен жеке құрамның жауынгерлік машығы мен моральдық рухының жоғары болуы Қарулы Күштер тиімділігінің басты факторы екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлы дала жорығы: Үшінші маусым басталды
Ұлттық спорт • Бүгін, 14:06
Жаңаарқада Ұлттық ұлан батырын еске алуға арналған турнир аяқталды
Бокс • Бүгін, 13:13
ҚазҰУ-да коммуникация технологиясын дамыту зертханасы ашылды
Университет • Бүгін, 12:34
Аграрлық университетте САU филиалын құру келісіміне қол жеткізілді
Университет • Бүгін, 11:45
Құлсарылық 250 тұрғын мүлік залалын бағалау нәтижелерімен танысты
Аймақтар • Бүгін, 11:16
«Махамбет-Индер» жолы уақытша жабылды
Аймақтар • Бүгін, 09:55