Ауыл • 18 Тамыз, 2023

Ауылды түлететін нық қадам

366 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Өткен жылдың соңында Ақтөбе облысында басталған «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар қатары күн санап көбейіп келеді. Жылдық пайызы өте төмен мөлшерде несие алып кәсіп бастаушылардың қатарына тауарлы несие алғандар да қосылды. Осылайша, елімізде ең бірінші болып кепілдік мүлкі жоқ, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды тауарлы несиелеу жобасы­ қолға алынды.

Ауылды түлететін нық қадам

Мұның ерекшелігі сол, осы жо­баға бюджет қаржысы жұм­сал­май­ды, кепілге қоятын мүлік қажет етілмейді, пайыздық мөлшерлемесі жоқ. Әрі бұрын банктерден тауар­лы­ несие алған азаматтарға да жоба­ға қатысуға шектеу жоқ. Былай­ша айтқанда, ауылдық округте табысты жұмыс істеп жатқан ша­руа қожалықтары төрт түлік түрін­де ауылдасына мал берсе, өз кезегінде екінші тарап қарызға алған сиыр, қой, түйе, жылқысын бір­неше жылдан соң қайтарып беріп, түліктерін өзі алып қалады. Айта кету керек, осы кезге дейін 1 300 ауыл тұрғынына тауарлы несиелеу жолымен 4 580 бас мал берілді.

«Алайда ауыл тұрғындарының көшуін тоқтату үшін осы алынып­ жат­қан шаралар жеткіліксіз. Жоба басталғанға дейін әрбір елді­ мекенге скрининг жүргізіліп, алғаш рет 134 ауылдық округтің әлеу­мет­­тік-экономикалық даму жос­па­­­ры бекітілді. Нәтижесінде, ауыл­ тұрғындары қандай азық-тү­­лік түрлерін қандай көлемде тұ­ты­­на­тыны анықталды. Талдау қоры­тын­дысы Ақтөбе облысы халық тұ­ты­натын негізгі 65 азық-түлік түрі­нің 7 түрімен ғана толық қам­та­масыз ететінін, ал 45 түрімен іші­нара 1%-дан 69%-ға дейін қам­та­масыз ететінін анықтады. Ашы­ғын айтқанда, жыл сайын Ақтө­бе облысы сырттан азық-түлік­тің 58 түрін сатып алуға 150 млрд­ теңге жұмсап келеді. Егер осы­ азық-түлік өзімізде өндірілсе, қар­жы өңір экономикасында қалар еді­. «Ауыл аманаты» жобасы ауыл­­­дарды сақтап қалуға, ауыл тұр­ғын­дарының қалаға көшуін азайтып, жаңа жұмыс орындарын құру­ға, кәсіпкерлікті дамытуға, жұ­мыс­­сыздықты төмендетуге, тұр­ғын­дарды жергілікті жерлерде өн­ді­­рі­­летін сапалы азық-түлікпен қам­та­ма­сыз етуге жол ашады», дейді өңір бас­шысы Ералы Тоғжанов.

ипап

Әл-Фараби атындағы Қа­зақ­­ ұлт­тық университеті «Қар­­жы және есеп» кафед­ра­­­­сы­ның­ доценті, эко­но­мика­ ғы­лым­да­ры­­ның кандидаты­ Ғалымжан Керімбек Ақтөбе облы­сын­да бас­тал­ған қанатқақты жоба­ның­ ауыл тұрғындарының табысын­ мо­лайтып қана қоймай, ішкі көші-қон­ды реттеуге үлкен көмегі бар дейді.

«Қолда бар ақпа­рат­­­тар­­­­ға­­­­ қара­ғанда, кез кел­ген мак­­­р­о­­­­­эко­­но­ми­ка­лық көр­сет­кіш­­тер­ге жағымды әсер ететін фак­тор­­лардың бірі – мем­ле­кеттік бағ­дар­ламалардың тиімді жүзе­ге асырылуы. Ақтөбе облысы осы жағынан басқа өңірлерге қара­ғанда көш ілгері. Бір ғана мысал, Үкіметтің «Ауыл аманаты» бағдарламасын он ай бұрын бас­та­ған облыс басшылығы ауылды­ сақ­тап қалуға нық қадам жасады. Ойланып қараңыз, 2,5%-дық мөл­шер­лемемен берілетін несиеге тек ауыл тұрғындары қол жеткізе ала­ды. Ол үшін өзіңіз тұратын ауыл­дағы үй-бас­па­на­ңыз­ды кепіл­дік­ке қоясыз. Несие 5 жылға бері­ле­ді. Қазір «Ауыл аманатына» қаты­­су­шылар саны 1 400 адамға жет­кен. Әрине, осы жағдай елді мекен­дердегі тұрғын үй бағасының шарық­тауына әсер етеді. Табысты ауыл­­дағы тұрғын үй бағасының өсуі өте заңды. Ауыл тұрмысының жақ­­саруына адам бойындағы туған жер­­дің бола­шағына деген оянған се­нім тіке­­лей әсер етіп отырғаны анық»,­­ дейді Ғ. Керімбек.

Осы жоба басталған бойы қа­жет­­ті құжаттарын даярлап, несие­ге­ қол жеткізген Әйтеке би ауданы­ Арал­тоғай ауылдық окру­гінің тұр­ғы­ны Қыдырбек Ибра­шев­ ерте көк­темнен бастап бақша салуға кіріс­ті. Тамыз туа салысымен ол туған топыраққа сіңген еңбегінің алғаш­қы­ жемісіне қол жеткізіп отыр. Ол қо­лына тиген қаржыға Аралтоғай ауы­лы­ның шетінен жер алып, кө­кө­ніс егуді қолға алған болатын.

ропр

«Мен 7 гектар жерге картоп, сәбіз, қауын, қарбыз ектім. Ерте көк­темнен бастап жаз бойы бала-шаға­мызбен бақшамызда тынымсыз еңбек етуіміздің арқасында ал­ғаш­қы өнімге қол жеткіздік. Біз сияқты бала-шағалы адамға жақ­­сы мүмкіндіктер беріп жат­қан­ жергілікті билікке риза­шы­лы­ғымызды білдіреміз. Прези­ден­­ті­­мізге, облыс әкіміне рахмет! Е.Тоғ­жа­нов өзі бас болып, ауылға бірнеше рет келіп, кәсібімізді қалай жүргізіп жат­қанымызды көрді, ақыл-кеңесін бер­ді, тұқым мен жанар-жағармай жағы­нан қандай көмек қажет екенін ерін­бей сұрады. Уақтылы егіп, мез­гі­лінде суарып, арамшөбін жұ­лып, күтіп-баптау арқылы өнім бі­тік шықты. Біз бақшаның өнімін бір­ден Аралтоғай ауылына, жалпы,­ Әй­те­ке би ауданының барлық окру­гіне арзан бағаға өткізіп жатыр­мыз. Қаладағы мейрамханалар да тап­сырыс бере бастады. Арзан несие алып, кәсіп бастағандар саны кө­бей­се, ауылдан көшіп кетушілер де азая­ды. Жұмыс болса, туған жерден қол үзіп не керегі бар?», дейді Қ.Ибрашев.

имт

Алайда ауыл тұрғындарының кө­шуін тоқтату үшін осы шаралар жеткіліксіз. Сол үшін де өңірімізде ауыл тұрғындарын қолдаудың бірыңғай пакеті ен­гі­зіл­ді. Оған елді мекендерге сапалы интернет жүргізу, ауыл және қала мектептерінің арасындағы білім алшақтығын жоюға бағыт­тал­ған «Білім All», телемедици­на­ны дамытуға бағытталған «Фельд­­­шер сөмкесі», елді мекен­дер­дің инфрақұрылымдық және әлеуметтік дамуына бағытталған «Абаттандырылған ауыл» және «Қауіпсіз ауыл» жобалары бар.

Аймақта экономикалық тұ­рақ­­­ты өсімді қамтамасыз ету мен өмір сапасын жақсартуға арнал­ған жұмыстар жалғасып ке­ле­­ді. Өңірде Мемлекет басшы­сы­­ қойған міндеттерді сапалы­ және уақтылы орындауға бар­лық­ мүм­кін­­дік жеткілікті.

 

Ақтөбе облысы