Қаржы • 27 Шілде, 2023

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 27 шілдеге арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы

Атап айтқанда, 1 доллар  – 444,29 теңге, Ресей рублі – 4,94 теңге.

Кеше кешке Қазақстан қор биржасында өткен сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,72 теңгеге төмендеп, 444,35 теңге болған. Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,6 – 447,6 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 444 – 447,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,83 – 5,03 аралығында сатып алуға болады.