Қаржы • 26 Шілде, 2023

Доллар бір теңгеге арзандады

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар бір теңгеге арзандады

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,78 теңгеге төмендеп, 444,29 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 шілдедегі бір долларға арналған ресми бағамы 445,06 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 443,84 теңгеден сатып алынып, 447,88 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 445,46 теңге, сату – 447,50 теңге.