Қаржы • 19 Шілде, 2023

Доллар тағы арзандады

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қор нарығында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар тағы арзандады

Күндізгі сауданың нәтижесіне қарағанда, доллардың орташа сараланған бағамы 1,44 теңгеге төмендеп, 442,68 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 шілдедегі бір долларға арналған ресми бағамы 444,15 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 442,48 теңгеден сатып алынып, 446,55 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 444,97 теңге, сату – 447,02 теңге.