Қоғам • 18 Шілде, 2023

Ұялы байланыс операторлары тариф бағасын көтере бастады

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тамыз айында ұялы байланыс операторлары тарифтердің бағасын көтереді. Бұл жөнінде олар ресми сайттарында хабарлай бастады, деп жазады Egemen.kz.

Ұялы байланыс операторлары тариф бағасын көтере бастады

«Қазақтелеком» АҚ 2023 жылғы 1 тамыздан бастап мұрағаттық тарифтер желісінің кейбір тарифтік жоспарлары бойынша тарифтердің көтерілгені туралы хабарлады.

Activ.kz ұялы байланыс операторы да 2023 жылғы 8 тамызда «Шынайы шексіз мұрағаттық», «Супер Комфорт мұрағаттық», «Сұхбат мұрағаттық» тарифтері бойынша төлем жаңартылатынын мәлімдеді.

«Бірқатар факторларға, соның ішінде экономикалық жағдайға байланысты біз тарифтік жоспарлардың бағасына кішігірім өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдауға мәжбүрміз. Бұл сіздің қаражатыңызға әсер етуі мүмкін екенін түсінеміз, сондықтан біз қосымша ресурстар мен қызметтер түрінде өтемақы ұсынамыз. Бұл өзгерістер инфрақұрылымға негізделген шығындардың өсуімен, жаңа технологиялардың іске қосылуымен, әлемдік логистикалық тізбектердің құлдырауы, инфляция, электр энергиясының қымбаттауы, жаңа технологияны енгізу үшін жоғары жиілік құны және компаниямыз үшін сын-қатерлер тудырған басқа да жағдайлармен байланысты. Сондықтан біз қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және сізге одан да озық технологиялар мен қызметтерді ұсыну үшін тарифтеріміздің бағаларын қайта қарауды шештік», делінген Tele2 жариялаған хабарламада.

Beeline да 2023 жылдың 15 тамызынан бастап күнделікті пакет құны өзгеретінін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15