Ауа райы • 10 Шілде, 2023

11 шілдеге арналған ауа райы болжамы

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан синоптиктері 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» мамандары ұсынған мәліметке сәйкес, елдің басым бөлігінде антициклонның екпінімен күн райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, жел күшейеді, елдің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +35+37°С. 

Алматыда күн ашық. Желдің екпіні 0-5 м/с болады. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +30+32°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +37+39°С.