Президент • 05 Шілде, 2023

Президент: Астана – мемлекеттің саяси, экономикалық және мәдени өмірінің өзегі

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында Астананың мемлекет өркендеуіндегі рөлін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент: Астана – мемлекеттің саяси, экономикалық және мәдени өмірінің өзегі

Мемлекет басшысы бәсеке деңгейі жоғары және құбылмалы қазіргі әлемде қалалардың қарқынды әрі орнықты дамуы өте маңызды екенін айтты.

«Инвестицияларды, инновациялық технологияларды, ең бастысы, адами капиталды тарта отырып, қалалар орасан зор күш шоғырланатын ортаға айналады. Адамдар және олардың шығармашылық қуаты, бірегей білімі, креативті идеясы мен отаншылдық рухы – ұлт жетістігінің негізгі факторы. Сондықтан қалаларды тиімді басқару және урбанистикадағы жаңа үрдістерді жүйелі зерделеу қажет. Бұл мәселе болашаққа ұмтылған әр мемлекет үшін стратегиялық маңызға ие бола бастады», деді Мемлекет басшысы.