Қоғам • 04 Шілде, 2023

Қостанай облысында әлеуметтік маңызды жобалардың орындалу барысы талқыланды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілісі депутаты, Палата төрағасының орынбасары  Альберт Рау Қостанай облысындағы Бейімбет Майлин ауданының ауылдарына барып, таза ауыз сумен қамту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында әлеуметтік маңызды жобалардың орындалу барысы талқыланды

Асенкритовка, Красносельское, Майское ауылдарындағы сумен жабдықтау нысандары «AMANAT»  партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру аясында қолға алынған.

Мыңнан астам тұрғыны бар Асенкритовка ауылында ауыз су құбырлары жаңартылып, Красносельское ауылындағы су құбырының құрылысы жуық арада аяқталуы жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 740 млн теңгені құрайды.  

а

Ауыл тұрғындары су тапшылығы мәселесінен арылып, сапалы ауыз суға қол жеткізгендерін айтып, ризашылықтарын білдірді.  

Альберт Рау одан әрі Қостанай – Қарабұтақ бағытындағы республикалық маңызы бар жолдың жөндеу жұмыстарымен танысты.

Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда ауылдың әлеуетін көтеру мақсатында «Ауыл - ел бесігі» жобасы жүзеге асырылып жатыр.   

«Республикалық бюджеттен қаржыландырылған нысандардың жұмысы әрдайым депутаттар бақылауында. Әсіресе, аудандардың, шалғай ауылдардың әлеуметтік ахуалы басты назарда болады. Одан бөлек жаңа жобалар бойынша да халық арасында түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп жатырмыз», деді А. Рау.

Бейімбет Майлин ауданында қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін шағын несиелер беру арқылы ауыл халқының табысын арттырудың пилоттық жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

а

Сапар барысында депутат Береговое ауылындағы газбен жабдықтау жүйесінің құрылысымен танысты. Нысандар партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасы шеңберінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.