Оқиға • 21 Маусым, 2023

Ақтөбе облысында жол апатынан төрт шетелдік көз жұмды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт шетелдік көз жұмып, тағы төрт адам зардап шекті, оның ішінде екі бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ақтөбе облысында жол апатынан төрт шетелдік көз жұмды

Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, оқиға 21 маусым күні таңғы сағат 8:15 шамасында «Самара-Шымкент» тас жолының 631 шақырымында Қобда ауылының маңында болған. 

«Hyundai Starex автокөлігінің жүргізушісі Тәжікстан Республикасының азаматы рульге ие бола алмай, аударылып қалған», деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы қыз оқиға орнында жан тапсырды. Алты адам түрлі дене жарақаттарымен Қобда ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Кәмелтке толмаған екі бала ауруханада көз жұмды.  

Алдын ала болжам бойынша, көлік жүргізушісі көлікті шаршаған күйде басқарған.