Спорт • 10 Маусым, 2023

Велошабандоз Евгений Фёдоров Азия чемпионы атанды

1 мин
оқу үшін

Отандасымыз Евгений Фёдоров Районг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 46 шақырымға жарыста мәреге бірінші болып жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Велошабандоз Евгений Фёдоров Азия чемпионы атанды

Ол қашықтықты 53:28. 4 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдегер тайбэйлік Серхио Тудан жобамен 2 минуттай озып кетті.

Қола медальді моңғолиялық Саинбаярын Джамбалжамтст қанжығасына байлады.

Тағы бір отандасымыз Игорь Чжан жүлдеге бір табан жетпей 4-орында қалды.

Жалпы жарыс жолына 19 велошабандоз қатысты. 

Айта кетейік, былтыр Евгений Фёдоров Аустралиядағы әлем чемпионатында 23 жасқа дейінгі жас санатында көш бастаған.

Соңғы жаңалықтар

Берлинде бас қосқандар

Таным • Бүгін, 11:18

Ұшақ қонатын күн алыс емес

Аймақтар • Бүгін, 11:17

Жалғыздықты жеңген мейірім

Аймақтар • Бүгін, 11:14

Елдос татамиге оралады

Спорт • Бүгін, 11:08

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:05