Үкімет • 02 Маусым, 2023

Үкіметте Азия даму банкімен және Дүниежүзілік банкпен бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметте Азия даму банкімен және Дүниежүзілік банкпен бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды

Азия даму банкі мен Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдерінің және орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен Ақтөбе-Мақат және Алматы-Қорғас автожолдарын күрделі жөндеу, ирригациялық және су бұру жүйелерін жаңғырту мәселелері, сондай-ақ әйелдерге арналған «Ұмай» бағдарламасының ипотекалық несие беру шарттары қарастырылды. 

Сонымен қатар отырыс барысында халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру сапасын арттыру жөніндегі шаралар талқыланды.