Оқиға • 27 Мамыр, 2023

Қостанайда оқушы қыз төртінші қабаттан құлап кетті

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда 13 жастағы қыз төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда оқушы қыз төртінші қабаттан құлап кетті

Оқиға 27 мамыр күні сағат 11:00 шамасында Шаяхметов көшесіндегі №169 үйде болған.

Оқиғаның куәгері болған көршілер полиция мен жедел жәрдемге хабарлаған. Олар жұмыста болған ата-аналарына да телефон соқты.

Жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ пәтерде тоғыз жасар сіңілісі  мен екі жасар інісі болған.

Қостанай облысында жыл басынан бері балалардың терезеден құлау оқиғасы сегіз рет тіркеліп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50