Басылым • 23 Мамыр, 2023

Басқа басылымдардан: Байланыс тереңдей түседі

203 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қытай қазіргі гео­сая­си тұ­рақ­сыздық ке­зін­де Қа­зақ­стан­мен қарым-қаты­на­сын одан әрі терең­де­ту­ді қалайды. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Сианьға сапармен келген Қазақстан Пре­зиденті Қ.Тоқаевқа осындай ниетін білдірді.

Басқа басылымдардан: Байланыс тереңдей түседі

Қытай алғаш рет Орталық Азия көшбас­шы­ла­рының саммитін өткізді. Қытайдың солтүстік-батысындағы Сиань қаласына энергетика мен ауылшаруашылық ресурстарына бай ел, байтақ даласы бар қазақ мемлекетінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің бес көш­бас­шысы арасынан бірінші болып саммитке келді.

«Сіздің Қытайға мемлекеттік сапарыңыз екі ел ара­сын­дағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін көр­­сетеді және Қытаймен мызғымас байланыс­ты тағы бір рет растайды», деді Қытай Төрағасы әріп­те­сіне.

Ал Қ.Тоқаев Си Цзиньпинге екіжақты сауда айналымы 2022 жылы 31 миллиард доллардан асқанын, 2030 жылға қарай оны 40 миллиард долларға арттыруды көздейтінін жеткізді. «Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейтуге мүдделі. Біз бұршақ дақылдарын, жоғары сапалы және экологиялық таза мұздатылған сиыр мен қой етін жеткізуге дайынбыз», деді Қ.Тоқаев.

 

впа

«Мықты достық»

Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Орталық Азияны дамы­ту жос­парларымен таныстырды. Ол Сиань­дағы саммитте Орталық Азияның бес мем­ле­кетінің басшыларымен кездесіп, сауда мен энергетиканы дамытуға шақырды.

«Әл-Жазира» телеарнасының тілшісі Джессика Вашинг­тон­ның айтуынша, Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қытай мен Қазақстан «мықты дос» екенін айтқан.

Қазақстан – Қытай үшін сенімді әрі стратегиялық серіктес. Екі ел арасындағы сауда-саттық, инвестиция, экспорт көлемі жыл са­йын артып келеді.

Си Цзиньпин Қазақстаннан басқа мемлекет басшыларына олардың даму жолдары тәуелсіз таңдалатынын, құрметтелетінін және олардың еге­мендігі, қауіпсіздігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтас­тығы қорғалатынын айтты.

 

мит 

«Алтын онжылдық»

Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Қазақ­стан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты екі ел қарым-қатынасының алдағы үш алтын он­жыл­дығымен құттықтап, ортақ даму жо­лын­да­­ғы ынтымақтастықты кеңейтуге уәде берді. Сон­дай-ақ ол Қазақстанның сенімді дос, бауыр және серіктес екенін айтты.

Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасы үшінші алтын онжылдыққа аяқ басты. Мәселен, «Бір белдеу – бір жол» (BRI) бастамасы 10 жыл бұ­рын іске асырылғалы екі ел халқына пайда әке­ліп, ортақ дамуға ықпал ететін ондаған ірі ынтымақтастық жобаларын сәтті жүзеге асырды. Ол екіжақты экономика және сауда, инвес­тиция, ауыл шаруа­шы­лығы және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, байланысты терең­детуге, электронды сауда, инновация және үлкен деректер сияқты жаңа салалардағы ынты­мақ­тастықты кеңейтуге ықпал етті.

Кездесу кезінде Си Цзиньпин өзара мәдени орталықтар құру, Лубань шеберханасын ашу, визадан босату туралы келісімге қол қою­ды мәдени және жеке тұлғалар арасындағы ын­тымақтастықты нығайту мүмкіндігі ре­тінде қабылдауға шақырды. Ал Қ.Тоқаев Си Цзиньпиннің Қазақстан-Қытай қарым-қа­тынасы туралы пікірімен және екіжақты ын­тымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі ұсы­ныс­тарымен келісетінін айтты. 

Соңғы жаңалықтар