Аймақтар • 07 Мамыр, 2023

Жетісу облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 мамырда Жетісу облысының Ақсу ауданында Hyundai Tucson және ГАЗ-53 автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Жетісу облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

Алматы-Өскемен тас жолының 360 шақырымында кроссовердің жүргізушісі жүк көлігін басып озуға әрекеттеніп, онымен жанама соқтығысып, нәтижесінде жол жиегіне шығып кетіп, аударылды. 54 жастағы әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Hyundai жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.