Қоғам • 07 Мамыр, 2023

Димаш Құдайберген Түркиядағы концертін бір минут үнсіздікпен бастады

457 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Димаш Құдайберген Түркияда «Golden» атты титулдық әнінің әуенімен сахнаға шықты. Концерт басталмас бұрын әртіс бауырлас халқымызға көңіл айтып, Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар үшін бір минут үнсіздік сұрады, деп жазады Egemen.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Димаш Құдайберген Түркиядағы концертін бір минут үнсіздікпен бастады

Өткен жылдың қыркүйек айында Алматыда тұсауы кесілген Димаштың «Stranger» жеке концертінің бағдарламасы әлем бойынша саяхатын бастады. Қазақстанмен бұрыннан келе жатқан тарихи достық қарым – қатынастары бар бауырлас ел - Түркия 6 мамырда алғаш рет қазақстандық орындаушының ауқымды шоуын өткізді.

Димаштың жеке концерті Antalya Expo Kongre Merkezi-де өтті, ол дауыл туралы ескертуге байланысты белгіленген күннен бірнеше күн бұрын ауыстырылды.

Шоуға әлемнің 44 елінен көрермендер келді. Көрермендер әртістің ана тілінде орындаған композицияларын тыңдап қана қоймай, ағылшын, испан, итальян, орыс, француз, қытай және жапон тілдеріндегі әндерден де ләззат алды.

Бұл кеште талапты халықаралық тыңдаушылардың назарына ағылшын тіліндегі «If I never breathe again», «Fly Away», «Screaming», «Give me your love» шығармалары, қобыздың терең үнімен сүйемелденетін титулдық ән «Stranger», «Together» – Әбілмансұр Құдайбергеннің авторлық шығармасы және ұлттар мен ұлыстар бірлігінің маңызды хабарын жеткізетін Димаштың «The story of one sky» авторлық әндері ұсынылды.

Әр елдегі жеке концерттерінде Димаш бағдарламаға қабылдаушы елдің тілінде шығармаларды енгізуге тырысады. Түрік жанкүйерлері үшін түріктің әйгілі «Gesi Baglar» әнін орындады. Қонақжай жүргізушілер Димашқа түрік ұлттық аспабы Багламаны сыйға тартты. Димаш жылы қарсы алғаны үшін түрік жеріне алғысын білдіріп, қазақ пен түрік мәдениетінің ортақтығын атап өтті.

Айта кетейік, 2023 жылы 6 ақпанда Түркия мен Сирияда қатты зілзала болып, салдарынан 50 мыңнан астам адам қаза тапты. Осы қайғылы апатқа байланысты көмек ретінде Димаш Құдайберген әлем бойынша өтіп жатқан жеке концерттерінен түскен қаражаттарының бір бөлігін бауырлас елге аударатынын айтқан болатын.  

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше