Мәдениет • 04 Мамыр, 2023

Димаш Құдайбергеннің Түркиядағы концерті ауа райына байланысты басқа жерде өтетін болды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 мамырда Антальяда жарияланған дауылды ескертуге байланысты Димаштың «Stranger» концерті Ақдениз ашық стадионынан Antalya EXPO Kongre Merkezi жабық алаңына Antalya EXPO 2016 аумағына ауысады. Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Димаш Құдайбергеннің Түркиядағы концерті ауа райына байланысты басқа жерде өтетін болды

«Сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін концерттің барлық көрермендері сізді Ақдениз стадионынан жаңа алаңға және кері қайтаратын тегін жайлы трансфер күтеді. Кері қайтуға уақыт шектеулері жоқ. Концерт залына трансферді қолданбай-ақ, өздігіңізбен жетсеңіз де болады. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!», деп жазды әнші.