Теннис • 04 Мамыр, 2023

Теннистен ӘЧ: Қазақстан теннисшілері тайбэйліктерді ойсыратты

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында Азия - Тынық мұхиты аймағы бойынша Шымкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Теннистен ӘЧ: Қазақстан теннисшілері тайбэйліктерді ойсыратты

Жас қазақстандықтар ширек финалда Тайбэй командасынан озды.

Алдымен Анастасия Крымкова Ю Нинг Цайды тізе бүктірді - 5:7, 6:3, 7:5. Бәсеке тартысты өтіп, екі жарым сағатқа созылды.

Ал екінші ойында Полина Слепцова Ли Я Чуді ойсырата жеңді - 6:0, 6:2.

Ертең, 5 мамырда Ярослава Шведованың шәкірттері финалға шығу үшін Аустралия құрамасымен кездеседі. Айта кетсек, олар Гонконгты 2:0 есебімен ұтты.

Бұл ретте, Азия - Тынық мұхит аймағынан үздік үш команда әлем чемпионатына жолдама алатынын айта кету керек.