Қоғам • 10 Сәуір, 2023

Сарбаз өлімі: Сотталған жігіттің анасы сот шешімімен келіспейтінін айтты

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 жылға бас бостандығынан айырылған Айболат Аманжоловтың жақындары сот шешімімен келіспейтінін жеткізді. Олар апелляциялық сотқа шағым түсірмек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарбаз өлімі: Сотталған жігіттің анасы сот шешімімен келіспейтінін айтты

Марқұмның туыстары мен сотталушының анасы тергеудің атүсті жүргізілгенін айтып, жазықсыз сарбаздың сотталмауын сұрады. Адвокат та бұл шешімнің негізсіз екенін атап өтті.

«Танысқанына 4 күн болған балалар бір-бірін өлтіруі мүмкін емес, оған мотив жоқ», дейді адвокат Жанар Нусупбаева.

Әлібек Қалбайдың өліміне кінәлі деп танылған сарбаз небәрі 18 жаста. Ол үйінің үлкені. Отбасында Айболаттан кейін 6 бала бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін атыраулық сарбазға қатысты сот үкімі шыққанын хабарлаған едік.