Ауыл • 03 Сәуір, 2023

Ажарланған ауылдар

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жер кеуіп, күн жылынысымен қоршаған ортаны қоқыстан тазарту жұмыстары қарқын алатындығы белгілі. Соның арқасында ауыл-аймақтың сәні кіріп, ажарлана түседі. Өткен сенбіде көктемгі науқандық жұмысқа Алматы облысының жұртшылығы да жұмыла кірісті.

Ажарланған ауылдар

– Облыс көлемінде өткізілген кезекті сенбілік жұмыстарына 8 031 жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік орган қыз­меткерлері, 7 мыңнан астам кәсіп­орын мен ұйым өкілдері, 1 767 ерікті мен 32 533 облыс тұрғыны қатысты, деп хабарлайды өңірлік баспасөз қызметі.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жалпы саны 50 мыңға таяу азамат атсалысқан сенбілік нәтижесінде 1 526 гектар аумақ тазартылып, 1 297 тонна қоқыс жиналып, оның 8 тоннасы қайта өңдеуге жіберілді. Аймақ тазалығына өңір бойынша 260 техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар елді мекендер шегінде 286 гектар жерге 13 546 түп көшет отырғызылды.

 

Алматы облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше