Қоғам • 29 Наурыз, 2023

Қостанай жылқы зауыты жабылып қалуы мүмкін

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда орналасқан асыл тұқымды жылқы зауыты жабылудың аз-ақ алдында тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай жылқы зауыты жабылып қалуы мүмкін

Компания асылдандыру жұмыстарын толыққанды жүргізе алмай отыр. Бұған қаржы жетіспеушілігі себеп. Жергілікті сарапшылардың пайымдауынша, егер жұмыс қарқыны жақсармаса, асыл тұқымды Қостанай жылқысы жойылып кетуі мүмкін.

Ғалымдар асыл тұқымды жылқы өсірумен 60 жылдан астам уақыт бойы айналысып келеді. 1951 жылдан бастап асыл тұқымды жылқылар өзінің төзімділігі және жүйріктігімен танымал.

Кәсіпорын гүлденген шағында 400-ден астам асыл тұқымды жылқы болған. Қазір бұл көрсеткіш 10 есе азайған.

«Тиісті деңгейде қаржыландыру болмаған соң жұмыс қарқыны баяулап қалды. Сапалы мамандарымыз кете бастады. Жылқы саны да біршама азайып кетті. Будандастыруға қатысты зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Әрі ешқандай сынақтар жүргізе алмай отырмыз. Қазір мүлде даму жоқ десе де болады», дейді «Қазақ тұлпары» жылқы зауыты ЖШС басқарма төрағасы Айгүл Амандықова.