Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазандағы сайлау учаскелері ашылды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазандағы сайлау учаскелері дауыс берушілер үшін есіктерін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазандағы сайлау учаскелері ашылды

Сондай-ақ Кувейт, Аддис-Абеба, Минск пен Брестте сайлау учаскелері ашылды.

ф

Бұған дейін, Анкара, Ыстанбұл және Анталиядағы сайлау учаскелері Қазақстан азаматтары үшін жұмысын бастағанын хабарлаған едік. Олардың қатарында тағы Тегеран, Эр-Рияд, Джидда, Амман және Доха да бар. 

Айта кетейік, кейбір елдердегі уақыт белдеуіне байланысты дауыс беру Қазақстанға қарағанда кеш басталды. Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды.