Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Атырау облысында дауыс беру басталды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанамен салыстырғанда сағат айырмашылығы бар Атырау облысында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды. Облыста барлығы 269 сайлау учаскесі болса, оның 11-і жабық, бұл ауруханалар, уақытша ұстау изоляторлары және әскери бөлімдер, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында дауыс беру басталды

Облыс бойынша барлығы 442 үміткер тіркелген. Оның 11-і Мәжілісте, 60-ы облыстық мәслихатта алты партиялық тізімде, 39 кандидат облыстық мәслихаттың 15 бір мандатты округінде, 71 кандидат Атырау қалалық мәслихатында, 261 кандидат жеті аудандық мәслихатта. 

Облыс бойынша сайлаушылар тізімінде 412 165 адам бар.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруі үшін – облыстың қалалары мен аудандарында 54 инватакси қызметі ұйымдастырылған.