Қоғам • 12 Наурыз, 2023

Қазақ әскерилері Халықаралық армия жарысында күміс жүлдеге ие болды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Пәкістан армиясының командалық рухы» деген атаумен Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы терроризмге қарсы орталықта алтыншы Халықаралық армия жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігіне  сілтеме жасап. 

Қазақ әскерилері Халықаралық армия жарысында күміс жүлдеге ие болды

Жарысқа Шығыс өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысты.

Жарыс шарттары бойынша ұзындығы 70 шақырымға жуық бағытта командалар азимутты бағдарлай отырып, тапсырмаларды пысықтап, бақылау пункттерінен өтті. Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша топтар жау басып алған бейтаныс кросс бойынша жүрді.

«Біз үшін жарыстың ерекшелігі қарлы әрі аязды қыстан 30 градустық жылы өңірге тап болдық. Тағы бір фактор болды – жаңа көпұлтты коммуникативті ортаға ену. Үш күн қатарынан, күндіз-түні біз маршрутта тапсырмаларды орындадық. Біз үшін бұл жауынгерлік дағдылар мен кез келген, соның ішінде экстремалды жағдайларда жұмыс істеу қабілетінің тамаша сынағы болды», деді команда жетекшісі полковник Динар Құрбанбаев.

Жарыстарға жаудың нысандарын табу, торуыл жасау, Калашников автоматынан ату, артиллерия атысын түзету, жедел медициналық көмек көрсету, жаралыларды эвакуациялау, алаңды минадан тазарту және түнгі уақытта су кедергілерін еңсеру кірді. Бұл ретте маршруттың өту уақыты мен тапсырмаларды пысықтау сапасы  ескерілді.