Әлем • 02 Наурыз, 2023

Грекиядағы пойыз апатының неден болғаны анықталды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Грекияда пойыз апаты болып, салдарынан 36 адам қаза тапты. Апатқа айыпты адам өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грекиядағы пойыз апатының неден болғаны анықталды

Бұл туралы Грекияның құқық қоғау органдары мәлімдеді. Лариса қаласының маңында болған пойыз апатынан кейін полиция станция бастығын тұтқынға алған. Ол жолаушылар пойызын қателесіп дұрыс емес жолға бағыттағанын айтып, кінәсін мойындады.

«Мен қателесіп, жолаушылар пойызын басқа жолға бағыттап жібердім», деді станция бастығы.

Кінәлі 2 наурызда тергеледі. Грекияның Қылмыстық кодексінің 291-бабына сәйкес, тасымалдау қауіпсіздігін бұзып, бірнеше адамның өліміне әкеп соқтырған ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Оған 10 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Сонымен қатар Грекия көлік департаментінің басшысы Костас Караманлис Темпидегі теміржол апатынан соң отставкаға кететінін мәлімдеді.

Жүк пойызы мен жолаушылар пойызы Лариса қаласының маңындағы Темпи қаласында соқтығысқан. Салдарынан пойыз рельстен шығып, кейбір вагондар өртеніп кетті. Соңғы мәліметтер бойынша, 36 адам қайтыс болды, 66 адам ауруханаға жатқызылды, олардың алтауы реанимацияда.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше