Теннис • 27 Ақпан, 2023

Қазақстандық теннисші Түркияда жеңіске жетті

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Стамбулда 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында Tennis Europe сериясының екінші санатындағы турнир аяқталды. Онда Ақтөбе теннис мектебінің тәрбиеленушісі Ева Корышева жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисші Түркияда жеңіске жетті

Қазақстан теннис федерациясы хабарлағандай, беделді жарысқа Еуропаның 64 мықты теннисшісі қатысты. Қазақстан өкілі финалда Чехиядан келген спортшы Яна Ковачкованы 6:1, 7:6 есебімен жеңді.

Осылайша, Ева теннис Еуропа сериясының төртінші жекелей титулын жеңіп алды.