Егемен ел атанып, тәуелсіздікке енді қол созып отырған шақта ұлылар еліндегі іргелі білім ордаларының бірі – Саржал орта мектебіне 37-ші жылғы зұлматтың құрбаны болған жалынды журналист, осы елдің тумасы Шәймерден Тоқжігітовтің есімі берілген еді. Іле сол кездегі мектеп директоры Сәкен бауырымыздың бастамасымен мектепте Тоқжігітов мұражайы ашылды.
Ал одан бергіде аталған мектептің тағы бір түлегі, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетовтің жинастырып, құрастыруымен небәрі 36 жасында опат болған журналистің артында қалған еңбектері “Уақыт бедері” деген атпен жеке кітап болып жарық көрді. Ал өткен жылы ел газеті “Егеменнің” 90 жылдығына орай осы автордың осы басылымда Шәймерден Тоқжігітов туралы көлемді мақаласы жарияланды.
Соның бәрі бекерден бекер емес-ті. Иә, Шәймерден – сол шақта енді қалыптаса бастаған қазақ журналистикасына бір кісідей-ақ еңбек сіңірген адам. Айталық, Мұхтар Әуезовтің қызметі Орынборға ауысқан соң ол “Қазақ тілі” (қазіргі “Семей таңы”) газетінің тізгінін қолына алады. Оның газет жұмысын жандандыру мақсатымен Керекуде сот қызметін атқарып жүрген Сәбит Дөнентаев сынды талантты ақынды қызметке шақыратыны да осы кез. Оның алдында Шәймерден Мұхтар ағасымен бірге Семейде шығып тұрған “Таң” журналын шығаруға атсалысқан. Ал бұдан сәл кейініректе Тоқжігітов “Жаршы” журналын басқарады, ал 1925 жылы қазақ өлкелік партия комитетінің ұйғарымымен “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеті редакторының орынбасары болып іске кіріседі. Бұл кісі аталған газетке басшылық жасапты деген де сөз бар. Оны нақты құжатпен дәлелдеу алдағы күндердің еншісінде.
Қалай болғанда да оның өз заманында үш публицистикалық кітап шығарып, жоғарыда айтқандай қазақ журналистикасының дамуына зор үлес қосқаны шындық. Мұның сыртында Тоқжігітовтің Қарқаралы уездік партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы көркемөнер басқармасына басшылық жасап, баспасөзбен бірге мемлекет жұмысына да қызу араласқаны белгілі.
Соның бәрін ескерген Шәймерден Тоқжігітов атындағы Саржал орта мектебін осыдан жиырма жыл бұрын бітірген түлектер мектеп алдында осы елден шыққан баспасөз ардагері, қоғам қайраткерінің ескерткіш бюстін ашуға демеуші, бастамашы болды. Тегінде бұл тың бастама мектептің бұдан кейінгі түлектеріне де жұғысты болса дейсің! Ал бұл игі шаруаны аталған мектеп мұғалімі, қолынан өнер тамған шебер Ертіс Тәтиев жеріне жеткізген.
Сөйтіп, баспасөз ардақтысына ескерткіш биылғы соңғы қоңырау алдында салтанатты жағдайда ашылды. Осы шараға Семейден арнайы келіп қатысқан сондағы құрылыс колледжінің директоры, қалалық мәслихаттың депутаты, Шәймерден ағаның немере інісі Кенжеғазы Тоқжігітов оның мектептегі мұражайына құнды бір құжатты табыс етті. Ол құжат сол шақта іс басында жүрген Ш.Тоқжігітовтің Ресейдің Алтай өлкесі құрамына кетіп бара жатқан оншақты елді мекеніміздің Қазақ еліне қайтарылуына қалайша үлес қосқанын айғақтайды.
Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ.
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы.

Қазақстан мұнай-газ саласындағы геологиялық барлауды жандандырады
Президент • Бүгін, 14:33
«Қостанай жастары» бағдарламасымен 344 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді
Өнер • Бүгін, 14:12
Алматыда Халықтық Конституцияны қолдайтын қалалық коалицияның алғашқы отырысы өтеді
Ата заң • Бүгін, 13:57
Абат Айымбетов румыниялық клубқа ауысты
Футбол • Бүгін, 13:20
Елде тіркелген SIM-карта халық санынан көп: Бір адамға бірнеше нөмір не үшін керек?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Кедендік баж төлеудің мерзімі мен тәртібі қандай?
Қоғам • Бүгін, 12:55
Түркістанда инвесторларға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды
Инвестиция • Бүгін, 12:50
Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады
Ата заң • Бүгін, 12:42
Сарапшы: Ата заң асығыс жазылған жоқ
Ата заң • Бүгін, 12:35
Әдебиет оқырмансыз өмір сүре ала ма?
Әдебиет • Бүгін, 12:32
Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдетеді?
Білім • Бүгін, 12:20