Фото: © depositphotos.com
Сарапшылар мұны eSIM технологиясына жаппай көшумен байланыстырады. eSIM смартфонның баптауларында қосымша нөмірді өздігінен іске қосуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, зерттеу мәліметтері бойынша, елдегі барлық қосылымдардың 96%-ы жоғары жылдамдықты – 3G, 4G немесе 5G желілері арқылы интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Kepios консалтингтік агенттігінің мәліметінше, өткен жылы елімізде интернетті белсенді пайдаланушылар саны 20 млн адамды құрады. 2024 жылмен салыстырғанда аудитория 232 мыңға өскен. Ел халқының 93%-ы тұрақты интернетпен қамтылған. Мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 40 Мбит/с-қа дейін артты, бұл 40% өсімге тең. Дегенмен, шамамен 1,5 млн адам әлі де желіге қосыла алмай отыр, көбінесе бұл балалар, қарттар және шалғай ауылдардың тұрғындары.
Сондай-ақ халықтың 80%-ы әлеуметтік желілерді пайдаланған. Қолданушылардың жартысынан көбі – ер адамдар. Ең танымал платформа – TikTok (шамамен 17 миллион қолданушы). Одан кейін Instagram (13 миллион) және Facebook (2,5 миллион) тұр. Ал Snapchat (795 мың) пен X (280 мың) платформалары ең аз қызығушылыққа ие болған.