Өнер • Бүгін, 14:12

Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі ислам әлемінің мәдени қазынасы ретінде халықаралық деңгейде мойындалды. 11 ақпанда өткен ИСЕСКО Ислам әлемі мұралары комитетінің 13-сессиясында ұлттық ою-өрнекті беделді тізімге енгізу туралы шешім қабылданды. Қуанышты хабарды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сүйіншіледі, деп жазады Egemen.kz.

Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді

«Ою-өрнек мәдени бірегейлігіміз бен тарихи сабақтастығымызды нығайтуға ықпал ететін негізгі этномәдени код. Оның ИСЕСКО-ның беделді тізіміне енуі Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілетудегі маңызды қадам саналады», деді Ерлан Қарин.

Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылы ИСЕСКО тізіміне түркі өркениетінің басты нышандарының біріне айналған дәстүрлі «Тоғызқұмалақ» ойыны енгізілген еді. Бұл үрдіс Қазақстанның бай рухани мұрасын әлемге танытудағы жүйелі жұмыстың жалғасы екенін аңғартады.

Ерлан Қарин: Киіз үй дәстүрінің ЮНЕСКО тізімінде кеңеюі Орталық Азия мұрасының ортақ екенін айғақтайды

Президенттің Ұлттық құрылтай отырыстарында берген тапсырмаларына сәйкес, еліміздің мәдени мұра нысандарын ЮНЕСКО және ИСЕСКО тізімдеріне енгізу бағытындағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.

 

Соңғы жаңалықтар