Қоғам • 16 Ақпан, 2023

Қаныш Сәтбаевтың мерейтойын жоғары деңгейде өткізу ұсынылды

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Алтынбек Нұхұлы қазақ халқының біртуар перзенті, әлемге әйгілі ғалым, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойын жоғары идеялық және ұйымдастырушылық деңгейде атап өтуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаныш Сәтбаевтың мерейтойын жоғары деңгейде өткізу ұсынылды

Депутаттың Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында ғалымның мерейтойына арналған іс-шаралар жоспарын бекіту қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ сенатор осы іс-шаралар жоспарын қарап, бекіту үшін мемлекеттік комиссия құруды ұсынды. Сенатор атап өткендей, ол жалпыұлттық және аймақтық шараларды қамтиды.

«Ғалымның шағын Отаны Павлодар қаласының әуежайына «Академик Қаныш Сәтбаев» атауын беру, тұңғыш академиктің толық 10 және 5 томдық академиялық жинақтарын дайындап, толықтырылған және қайта өңделген энциклопедияны екі тілде қайта басып шығару, сондай-ақ «Академик Қаныш Сәтбаев» атауын беру ұсынылды. Қазақстанда жұмыс істеп тұрған Сәтбаев мұражайларын заман талабына сай қалпына келтіру, Қаныш Сәтбаев туған ауданда мемориалдық кешен тұрғызу, сондай-ақ бұрын депутаттық сауалмен жасалған 30 шақырымдық туристік жолдың құрылысын бастау қажет», деді Алтынбек Нұхұлы палаталардың жалпы отырысында.