
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның мәлімдемесі бойынша халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 3 шет мемлекеттен, 2 халықаралық ұйымнан 62 байқаушы ресми тіркеуден өткізілген. Бүгінгі таңда жаңадан 3 шет мемлекет пен 2 халықаралық ұйымнан 12, оның ішінде Корея Республикасынан – 1, Қырғызстаннан – 1, ТМД-ның байқаушылар миссиясынан – 7, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан 2 байқаушы аккредиттелді.
«Сонымен қатар 10 ақпанда Орталық сайлау комиссиясына 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына тіркеуден өткен ДИАҚБ миссиясының 2 мүшесі байқауға қатыса алмайтындығын мәлімдеп, бізге Сыртқы істер министрлігінен оларды тізімнен алып тастау туралы ұсыным келіп түсті. Осыған байланысты ДИАҚБ миссиясының 2 байқаушысының тіркелуін кері қайтарып алу туындап отыр», деді комиссия отырысында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.
Сайлау комиссиясы ұсынылған байқаушыларды тіркеу және 2 байқаушының тіркелуін қайтарып алу туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.