Қаржы • 02 Ақпан, 2023

Доллар бағамы 460 теңгеден төмендеді

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар бағамы 460 теңгеден төмендеді

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,88 теңгеге төмендеп, 459,92 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 ақпандағы бір долларға арналған ресми бағамы 460,87 теңгені құрады.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 459,46 теңгеден сатып алынып, 462,33 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы 458,40 теңге, сату – 462,06 теңге.