Президент • 19 Қаңтар, 2023

Президент халықты алдағы сайлауға белсене қатысуға шақырды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент халықты алдағы сайлауға белсене қатысуға шақырды

«Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Осы жолда түрлі сын-қатерді еңсеріп, көптеген маңызды міндетті бірге атқаруымыз керек. Мен баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытып, Мәжіліс пен мәслихат сайлауына белсене қатысуға шақырамын», деді ел Президенті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтеді.