Оқиға • 17 Қаңтар, 2023

Абай облысында мектеп оқушысы жоғалып кетті

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысында 2009 жылы туған мектеп оқушысы хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Қазіргі сәтте полиция қызметкерлері Рахымғалиев Ақсұлтан Нұрланұлын жан-жақтан іздеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында мектеп оқушысы жоғалып кетті

Ол 2023 жылдың 17 қаңтарында сағат 7:40 шамасында үйден шығып, мектепке аттанған. Содан бері әлі үйіне оралмаған.

«12 жастағы оқушының бойы - 1 метр 40 сантиметр, арықтау келген, шашының түсі - қара. Үйінен капюшоны бар қара көк күрте, көк түсті шалбар (мектеп формасы), қара түсті етік және көк түсті қалпақ киіп шыққан», деп жазды Polisia.kz сайты.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38