Аймақтар • 17 Қаңтар, 2023

Қостанайдағы орман өртіне тракторшы кінәлі деп танылды

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында қыркүйекте болған алапат орман өрті тракторшының салғырттығынан тұтанған. Әулиекөл аудандық соты осындай шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Қостанайдағы орман өртіне тракторшы кінәлі деп танылды

2 қыркүйек күні 43 жастағы тракторшы жылжымалы вагонды орман арасына апарады. Техникасында ақау бар екенін біле тұра, қайтарда вагонды ауылға әкелмек болған. Қайтар жолда трактор мұржасынан ұшқын атып, от тұтанады. Сол күні ауа температурасы 38 градусқа көтеріліп, қатты жел соғып тұрған. Жалпы орман өртіне қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Соның ішінде сотқа жетіп үкім шыққан  әзірге осы тракторшының ісі ғана.

«ҚР ҚК 58-бабының 2-тармағы бойынша азаматқа бір жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. 63-бапқа сәйкес тағайындалған жаза шартты түрде деп қабылданды. Іс бойынша азаматтық талап қойылған жоқ. Сот үкімі заңды күшіне енді», деді облыстық сот баспасөз қызметінің маманы Ләззат Байғожина.

 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше