Тағайындау • 16 Қаңтар, 2023

Қостанай қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

521 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қала әкімі Марат Жүндібаевтың өкімімен Мәжит Шүленов Қостанай қаласы әкімінің орынбасары болып  тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz .

Қостанай қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

«Қостанай таңы» басылымының жазуынша М.Шүленов бұған дейін, 2022 жылдың тамызынан бері әкімнің кеңесшісі болып қызмет атқарып келген. Енді ол білім, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, жастар саясаты мәселелері, мәдениет және спорт салаларына жауапты болады.

Мәжит Мақсұтұлының мемлекеттік қызметте 11 жылдан астам уақыт еңбек өтілі бар. Еңбек жолын 1988 жылы бастаған. 1998 жылдан 2007 жылға дейін мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Мәселен,  «Агромашхолдинг» АҚ президентінің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі, қоғаммен байланыс департаментінің директоры, «Тобыл» ӘКК» АҚ ұйымдастыру-бақылау департаментінің басшысы, облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының басшысы.

Сондай-ақ 2017-2018 жылдары аралығында Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі болды. 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше