Елорда • 09 Қаңтар, 2023

Астанада құрылысы ұзаққа созылған үйлер қашан тапсырылады?

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған нысандардағы жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада құрылысы ұзаққа созылған үйлер қашан тапсырылады?

«Тұрғындармен, оның ішінде үлескерлермен тұрақты түрде кездесіп тұрамын. Құрылысы ұзаққа созылған бірқатар ғимаратқа бардым. Өздеріңізге мәлім, әр нысанның өткен тарихы әртүрлі, олардың құрылысы бірнеше жылдан бері бітпей келеді. Мәселен «Ақерке-2» тұрғын үй кешенінің тіпті іргетасы да болмаған еді, ал «Пана» тұрғын үй кешенінің құрылысы 8 жыл бұрын басталған», деп жазды әкім өзінің Instagram-парақшасында.

ер

Шаһар басшысының айтуынша, әкімдік құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізген. Дегенмен қалада құрылысы ұзақ жылдарға созылып кеткен тұрғын үйлер әлі де бар. Ал мыңдаған отбасы жылдар бойы баспаналарын күтіп жүр. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, құрылысы ұзаққа созылған әрбір нысанды аяқтау бойынша жоспар белгіленген.

«Қаланы аралау барысында донор-нысандардың құрылысымен де таныстым. Олар ұзаққа созылған нысандардың құрылысын аяқтау үшін салынған қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз етеді. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауында», деп жазды елорда әкімі.

 апи