Елорда • 06 Қаңтар, 2023

Елордадан 53 мың текше метрден астам қар шығарылды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада 2023 жылдың алғашқы күндері қалың қармен басталды. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 5 қаңтардан 6 қаңтарға қараған түні жауын-шашын мөлшері 5,2 мм құрады, бұл алғашқы күннен алты есе көп. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадан 53 мың текше метрден астам қар шығарылды

5 қаңтардан 6 қаңтарға қараған түні қаладан 53 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл – 3 661 жүк көлігіне тең.

Бүгінде елорда бойынша қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,3 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Ең алдымен жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды аймақтар тазартылады. Сондай-ақ қарқыны орташа учаскелер, атап айтқанда алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар тазартылады.

г

Айта кетсек, 6 қаңтарға қараған түні «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, жауын-шашын мөлшері 5,2 мм, ал қардың биіктігі – 39 см құрады. 2023 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда (0,8 мм) жауын-шашын мөлшері алты есе өскен.

Қыс мезгілі басталғалы бері коммуналдық қызметтер қаладан 1,4 миллион текше метрден астам қар шығарды, бұл 113 мыңнан астам жүк көлігіне тең.

 н