Теннис • 02 Қаңтар, 2023

Қазақстандық теннисшілердің рейтингі жаңартылды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ATP кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы 2023 жылғы жеке және жұптық сайыстардағы спортшылардың рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисшілердің рейтингі жаңартылды

Әлемнің бірінші ракеткасы атағын испандық Карлос Алькарас сақтап қалды, оның отандасы Рафаэль Надаль мен норвегиялық Каспер Рууд екінші орында тұр.

Қазақстандық Александр Бублик 37-орында, Тимофей Скатов 142-болып өз позициясын өзгерткен жоқ, ал Михаил Кукушкин 188-орында тұр.

Жұптық сайыста голландиялық спортшы Уэсли Кулхофф пен британдық Нил Скупски бірінші орында, ал америкалық Раджив Рам үшінші орында.

Қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесов 47 және 50- орындарда қалды.