Тағайындау • 30 Желтоқсан, 2022

Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облыстық полиция департаментінде кадрлық тағайындаулар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне полиция подполковнигі Ілияс Жұмағұлов тағайындалды.

Құқық қорғау органдарында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді. Криминалдық полицияда және экстремизмге қарсы қызметте басшылық қызметтерді атқарған.