Теннис • 26 Желтоқсан, 2022

Қазақстандық теннисшілердің рейтингі жаңартылды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жеке және жұптық сында рейтингтердің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисшілердің рейтингі жаңартылды

Үздік үштіктің қатарына испандық Карлос Алькарас пен Рафаэль Надаль, сонымен қатар норвегиялық Каспер Рууд кірді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 37-қатарда қалды, Тимофей Скатов 142-орнын сақтап қалды, Михаил Кукушкин әзірге 188-орынға жайғасты.

Жұптық сайыста бірінші орында бұрынғысынша голландиялық Уэсли Кулхоф пен британдық Нил Скупски тұрса, үшінші орынды америкалық Раджив Рам иеленді.

Қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесов сәйкесінше 47 және 50-орындарды сақтап қалды. Багель 170-орында.