Саясат • 08 Желтоқсан, 2022

Халықаралық қауіпсіздіктің маңызы

430 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нью-Дели қаласында Үндістан мен Орталық Азия елдері ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерінің-қауіпсіздік кеңестері хатшыларының алғашқы кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Халықаралық қауіпсіздіктің маңызы

Іс-шара барысында жиынға қатысушылар қауіпсіздіктің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері, соның ішінде терро­ризмге, сепаратизм мен экстре­мизм­ге, қару мен есірткінің заңсыз айналымына, трансұлттық ұйым­дас­қан қылмысқа қарсы іс-қимыл, халықаралық ақпараттық қауіпсіз­дікті қамтамасыз ету салаларын­дағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде жан-жақты пікір алмасты.

Тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдайды және оның өңірдегі қауіп­сіздік пен тұрақтылыққа әсерін, сондай-ақ «Солтүстік – Оңтүс­тік» халықаралық кө­лік дәлізін (INSTC) дамыту перс­пек­тива­ларын талқылады.

Ғизат Нұрдәулетов әріптестерін халықаралық және өңірлік қауіп­сіз­діктің өзекті мәселелеріне қатыс­ты Қазақстанның ұстанымы туралы хабардар етіп, «Орталық Азия – Үн­дістан» диалогы аясын­да қа­уіп­сіздік саласындағы ынты­мақ­тастық жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.

Кездесу қорытындысы бо­йынша кездесуге қатысу­шы­лар бірлескен коммюнике қа­был­дады. Құжатта Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының БҰҰ аясында Аурулар мен биологиялық қауіпсіздікті бақылау жөніндегі өңірлік орта­лықтар желісін құру, сондай-ақ арнайы көпжақты орган – Био­логиялық қауіпсіздік жөніндегі ха­лықаралық агенттік (IABS) құру жөніндегі бастамасының маңыз­дылығы атап өтілді.

Сапар аясында Үндістан Рес­публикасы Премьер-министрінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңес­шісі Аджит Довалмен екіжақты кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Үндістан арасында стратегиялық іс-әрекеттердің қар­қынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өңірлік қауіпсіздікті қамта­масыз ету мәселелерін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, фор­ум мемлекеттер басшыларының «Орталық Азия – Үндістан» атты бірінші саммиті барысында өңір­лік қауіпсіздік мәселелерін талқы­лау үшін Қауіпсіздік кеңес­тері хатшыларының тұрақты кезде­су­лерін өткізу туралы қол жеткі­зілген уағдаластықты дамыту мақ­сатында ұйымдастырылды (сам­мит 2022 жылы 27 қаңтарда бей­не­байланыс форматында өтті).