Сайлау • 21 Қараша, 2022

11 мыңнан астам қазақстандық шетелде дауыс берді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтардың шетелдегі сайлау учаскелеріндегі сайлауға қатысу нәтижеcі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

11 мыңнан астам қазақстандық шетелде дауыс берді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында шет елдердегі ҚР мекемелері жанындағы сайлау учаскелерінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты аяқтады. Шетелдегі қазақстандықтар арасында дауыс беруде жоғары белсенділік байқалды.

«Шет елдердегі Қазақстан мекемелерінің жанынан 53 мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12 841 адамнан тұратын 68 учаскелік сайлау комиссиясы ашылды. Шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтады. 11 360 Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл дауыс берушілердің келуінің 88,47%-ын құрады», деді Айбек Смадияров.

Қазақстан азаматтарының көпшілігі Ресейде дауыс берген. Онда 2600 адам өз таңдауын жасады. Сайлаушылар саны бойынша екінші орында Түркия, бұл елде 1423 адам дауыс берген. Үшінші орында Өзбекстан, мұнда 591 адам сайлауға барған.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37